Жазғы демалыс кезеңінде балалардың өрт қауіпсіздігін сақтауға үйрету маңызды

Жаз айларында балалар көп уақытын лагерь мен демалыс орындарында өткізеді. Олар демалысын қызықты өткізу үшін өрт қауіпсіздігі ережесін біліп, тұрмыста сақтық шараларын сақтау керек. 11 шілдеде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Төтенше жағдайлар басқармасы, ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «Арай – Санрайз» лагері әкімшілігімен бірлесіп, тынығушы балаларға «Балалардың жазғы демалыс кезеңіндегі өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері» атты ашық сабақ өткізді.

Жазғы демалыс кезеңінде балалардың өрт қауіпсіздігін сақтауға үйрету маңызды
17-07-2018, 11:42

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2018 жылғы маусым айындағы жедел қызметтік жұмысының аналитикалық мәліметтері (6 ай бойынша)

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2018 жылғы маусым айындағы жедел қызметтік жұмысының
аналитикалық мәліметтері (6 ай бойынша)

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (оқиғаларды есепке алғанда).
2018 жылдың басынан бері Қызылорда облысының аумағында 292 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиғалар тіркелді, 2017 жылмен салыстырғанда 13,1 % азайды (2017ж.–336). Зардап шеккен адамдардың саны 16,4 % көбейді (2017ж.-67, 2018ж.-78 адам). Қаза болғандардың саны 43,8 % азайды (2017ж.-16, 2018ж.-9 адам). Материалдық шығын 22,5 млн.теңге құрады (2017ж.-33,9), 33,6 % азайды.
Оның ішінде 25 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді, 2017 жылмен салыстырғанда 28,6 % азайды (2017ж.–35). Зардап шеккен адамдардың саны 4,2 % көбейді (2017ж.-24, 2018 ж.- 25 адам). Қаза болғандардың саны 43,8 % азайды (2017ж.-16, 2018ж.-9 адам).
Техногендік сипаттағы оқиғалардың саны – 230 (2017ж.-272), 18,3 % азайды, 19 адам (2017ж.-13) зардап шекті, 46,2 % көбейді, 4 адам қаза болды (2017ж. -6), 50 % азайды.
9-07-2018, 14:23

2018 жылғы маусымның 22 мен 26 аралығында орын алған өрттер бойынша мәлімет

Атап айтқанда облыс көлемінде 5 өрт оқиғасы тіркелді.
2018 жылы 22 маусым күні 15 сағат 37 минутта Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылы, Н. Илиясов көшесі № 4 тұрғын үйдің (үй иесі 1962 ж.т. З. С. Әбдікаликова) ауласында жалпы көлемі 5 х 4 м. ағаш материалдары және қоршауы жанды. Өрттің көлемі – 20 ш.м. құрады.1 «Б» оқпаны берілді.
Қатыстырылған: ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ № 11 ӨСБ 4 қызметкер 1 бірлік өрт сөндіру автокөлік (АЦ-6-40 Камаз), 2қызметкер 1 штабтық автокөлік. Өрттің шығу себебі болжаммен ашық отты пайдалану.Өрттің оқшауланған уақыты15 сағат 47 минут. Өрттің жойылған уақыты15 сағат 52 минут.
28-06-2018, 21:56

Моншадағы өрт

Моншадағы өрт


2018 жылы 21 маусым күні 12 сағат 30 минутта Қызылорда қаласы, Есенберлин көшесі № 2 «А» тұрғын үйдің (үй иесі 1979 ж.т. Абилдаева Гүлсара) ауласында жалпы көлемі 10 х 3 м. моншасының көлемі, 2 х 3м. бу бөлмесі жанды және жуыну, киіну, әжетхана бөлмелерінің ішкі қаптамалары зақымдалған. Өрттің көлемі – 6 ш.м. құрады.
21-06-2018, 19:05

Тасбөгеттегі өрт

Тасбөгеттегі өрт

2018 жылы 21 маусым күні 03 сағат 27 минутта Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Ә.Молдағұлова көшесі №2, 2-қабатты тұрғын үйдің, №3 пәтерінің (үйдің иесі 1988 ж.т. Транин В.В.) көлемі 6х5 метр жатын бөлмесі мен қонақ бөлмесі, көрпе-төсектер, тұрмыстық жиһаздары мен көлемі 1х5 метр балконы толығымен жанған.
21-06-2018, 18:55

Төтенше жағдайларды жою бөлімі бойынша 2018 жылдың 5 айында атқарған жұмысының есебі

Қызылорда облысының авариялық-құтқару қызметтері («Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі», «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы», «Трассалық медициналық құтқару бекеті») осы уақытқа дейін 884 рет (2017-851) шығып, соның ішінен 36 рет (2017-43) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Жұмылдырылған жеке құрам саны 180 (2017-218) адам, 36 техника (2017-43) тартылды. Авариялық құтқару жұмыстары барысында 120 адамды, (2017-185) оның ішінде, 74 баланы (2017-40) құтқарды, 45 адамға (оның ішінде бала – 0) (2017-76, оның ішінде 0 бала) медициналық көмек көрсетілді. Төтенше жағдай аймақтарынан 214 адам (2017-115) көшірілді, 11 автокөлік (2017-11) шығарылды; әр түрлі жағдайлардан 7 мәйіт (2017-8) шығарылды.
11-06-2018, 19:46

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2018 жылғы мамыр айындағы жедел қызметтік жұмысының аналитикалық мәліметтері (5 ай бойынша)

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (оқиғаларды есепке алғанда).
2018 жылдың басынан бері Қызылорда облысының аумағында 218 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиғалар тіркелді, 2017 жылмен салыстырғанда 15,8 % азайды (2017ж.–259). Зардап шеккен адамдардың саны 12,5 % көбейді (2017ж.-32, 2018ж.-36 адам). Қаза болғандардың саны 46,2 % азайды (2017ж.-13, 2018ж.-7 адам). Материалдық шығын 22,0 млн.теңге құрады (2017ж.-33,9), 35,3 % азайды.
Оның ішінде 23 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді, 2017 жылмен салыстырғанда 17,9 % азайды (2017ж.–28). Зардап шеккен адамдардың саны 26,3 % көбейді (2017ж.-19, 2018 ж.- 24 адам). Қаза болғандардың саны 46,2 % азайды (2017ж.-13, 2018ж.-7 адам).
Техногендік сипаттағы оқиғалардың саны – 198 (2017ж.-230), 13,9 % азайды, 19 адам (2017ж.-12) зардап шекті, 58,3 % көбейді, 4 адам қаза болды (2017ж. -6), 33,3 % азайды.
4-06-2018, 20:22

2018 жылғы 5 айдағы өрт қауіпсіздігі саласы бойынша тексерілген нысандар

Есепті кезеңде өрт қауіпсіздігі саласы бойынша 693 нысан тексеріліп (2017 ж. - 654) 6% өсті, оның ішінде: ерекше тәртіп бойынша 469 нысан, жоспардан тыс 224 нысан (бақылау бағытында 76, прокуратура органдарының тапсырмасы бойынша 144, арыз бойынша 4 нысан) тексерілді. Тексерулер барысында 3377 тармақты құрайтын өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылығы анықталды.
Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзған 619 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып (2017 ж. - 383) 61,6% өсті, 2 млн. 711 мың 637,5 теңге айыппұл салынды (2017 ж.- 12 млн. 275 мың 290 теңге), 4,5 есе азайды.
1-06-2018, 12:05

Азаматтық қорғаныс саласы бойынша тексеру

2018 жылы 5 айда азаматтық қорғаныс саласы бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында 8 нысан тексерілді.
Тексерілген нысандар:
1. "Саутс-Ойл" ЖШС Қызылорда қаласындағы филиалы.
2. "Сырдариямұнай" ЖШС.
3. "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық балалар ауруханасы" КМҚК.
4. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық ауруханасы» МКҚК.
5. «Жаңақорған-транзит» ЖШС.
6. «Семізбай-U» ЖШС «Иіркөл» филиалы.
7. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Амбулаториялық емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасы» МКҚК.
8. "Қазгермұнай" БК" ЖШС.
31-05-2018, 11:15

Қызылордада жазғы кезеңдегі судағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оны болдырмау тақырыбында баспасөз-мәслихаты өткізілді

Қызылордада жазғы кезеңдегі судағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оны болдырмау тақырыбында
баспасөз-мәслихаты өткізілді

2018 жылдың 16 мамырында сағат 16.20-да Қызылорда облысы өңірлік коммуникациялар орталығында «ОӨАЖҚЖ» ММ басшысы Б. Ембергеновтің, Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы азаматтық қорғау капитаны Ж.Досымовтың, Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Ә.Мардановтың қатысуымен «Жазғы кезеңдегі судағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оны болдырмау» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өткізілді.Қызылордада жазғы кезеңдегі судағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оны болдырмау тақырыбында баспасөз-мәслихаты өткізілді
Қызылордада жазғы кезеңдегі судағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оны болдырмау тақырыбында баспасөз-мәслихаты өткізілді
Қызылордада жазғы кезеңдегі судағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оны болдырмау тақырыбында баспасөз-мәслихаты өткізілді
Қызылордада жазғы кезеңдегі судағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оны болдырмау тақырыбында баспасөз-мәслихаты өткізілді
Қызылордада жазғы кезеңдегі судағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оны болдырмау тақырыбында баспасөз-мәслихаты өткізілді
16-05-2018, 18:30