Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің 2018 жылғы І жартыжылдықта атқарған жұмысының ЕСЕБІ

Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің
2018 жылғы І жартыжылдықта атқарған жұмысының
ЕСЕБІ

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің жұмысы төтенше жағдайлардың қаупін азайтуға, адам өмірі мен денсаулығын сақтау мен Министрліктің Алқа қаулыларын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшылығының жанында өткен жедел кеңестердің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің тапсырмаларын орындауға бағытталды.
«Қазақстан Республикасы аумағы қауіпсіздігінің үлгі паспортын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 577 бұйрығына сәйкес Қызылорда облысы мен қала, аудандар аумағының қауіпсіздік паспорттарына жаңа үлгі бойынша 2018 жылғы 15 қаңтарға өзгерістер мен түзетулер енгізіліп, 2018 жылғы 19 ақпанда ҚР ІІМ ТЖК жолданды.
Министрліктің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы № 198 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіп-қатер каталогын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтарға Қызылорда облысының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіп-қатер каталогына өзгерістер енгізіліп, 2018 жылдың 16 қаңтарында Департамент бастығымен бекітілді.
Болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және жыл сайын облыс аумағында орын алатын мәселелерді жою, болдырмау мақсатында жоспарланатын Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның жұмыс жоспары 2017 жылғы 28 желтоқсанда бекітілді.
Анықтама: Қызылорда қаласы мен аудандардағы ТЖ жөніндегі Комиссия жұмысының жылдық жоспары Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған аудандарында мерзімінде (15 қаңтарға дейін), Шиелі ауданында мерзімінен кешіктіріп бекітілген (18.01.2018ж.).
Облыс аумағындағы су тасқыны кезеңі 2017 жылғы 10 қарашада басталып, ағымды жылдың 31 наурызында аяқталды. Осыған байланысты бірқатар іс-шаралар атқарылды.
Төтенше жағдайлар комитетінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 42 аппараттық жиналыс хаттамасының 1-тармағы 2), 3) тармақшаларының, 6 қарашадағы №43 аппараттық жиналыс хаттамасының 5-тармағы 1) тармақшасының және Комитеттің осы жылғы 8 қарашада өткен селекторлық кеңес хаттамасы шешімімен берілген тапсырмаларды орындау мақсатында су тасқыны кезеңінде атқарылған жұмыстар туралы апталық мәлімет ҚР ІІМ ТЖК Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасына жолданды.
Облыс аумағындағы су басу қаупі бар елді-мекендердегі тұрғындармен жүргізілетін түсіндірме жұмыстарының жоспары әзірленіп Департамент бастығымен бекітілді.
Су тасқыны кезеңінде қалалық және аудандық бөлімшелердің жеке құрамымен су басу қауіпі бар елді мекендердегі тұрғындарға төтенше жағдайлардың және оның салдарының алдын алу бағытында 193 018 тұрғынына үнпарақтар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2018 жылдың 15 ақпанында Төтенше жағдайдың алдын алу бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қызылорда облысы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» мекемесінде бұқаралық ақпарат қызметі өкілдерінің қатысуымен облыстағы Сырдария өзені жағдайы және мұздағы қауіпсіздік тақырыбында брифинг өткізілді.
2017-2018 жылғы су тасқынының алдын алу бағытында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы – 21 бейнесюжет көрсетілді, баспасөз беттеріне – 31 мақала, әлеуметтік желілерде - 12 мақала жарияланды, қоғамдық орындарда, автобекеттер, сауда үйлерінің дауыс көтергіштер (громкоговоритель) арқылы – 1274 рет сөз сөйленді.
Қызылорда облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарының күту залындағы телеэкран арқылы, қала және аудан орталық алаңдарында, автобекеттерде, ірі суда және қоғамдық орындарда орналасқан «LED» экран арқылы «Мұздағы қауіпсіздік», «Су тасқыны кезіндегі іс-әрекеттер» тақырыптарында арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.
Сонымен қатар білім саласына қарасты білім нысандарында оқушылар арасында су тасқынының алдын алу мақсатында 25 рет түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 1457 оқушы қамтылды.
2018 жылғы 9 қаңтарда Қызылорда облысы өңірлік коммуникациялар орталығында «Су тасқыны жағдайы мен су басудың қауіпінің алдын алу және жою барысындағы жүргізілетін іс-шаралар» тақырыбында баспасөз мәслихаты өткізілді.
«Қазгидромет» РМК Қызылорда филиалы және ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің Арал-Сырдария бассейндік инспекциясымен бірігіп, көктемгі су тасқыны кезеңінде Сырдария өзеніне, облыс аумағындағы су қоймаларына және Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегішінің жұмыс режиміне су тасқыны әсерінен болатын төтенше жағдайлардың алдын алу, болдырмау, мұздың жағдайы мен қардың жаууын бақылауда ұстау мақсатында 10.11.2017-31.03.2018.ж. (былтырғы жылы 16.11.2016-28.03.2017 ж.ж.) аралығында «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясымен Сырдария өзеніндегі судың жағдайына күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Аумақта барлығы 625,12 шақырымды құрайтын қорғаныс бөгеттерінің тұсында су басуға қауіпті 56 елді мекенде 179 721 тұрғын тұратын 34 899 үй орналасқан. Оған 172 жауапты мекемелер бекітілген. Олардағы арнайы техника саны 459 бірлікті және 1 957 адам күшін құрайды.
Биылғы жылғы су тасқыны кезеңінде атқарылған іс-шаралар және су тасқыны мерзімінің аяқталғандығы жөнінде мәлімет дайындалып, ҚР ІІМ ТЖК Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасына жолданды (№29-20-11/03/846-И 22.06.2018ж.)
«2017-2020 жылдарға тасқын қауіп-қатерлердің алдын алу мен жою бойынша іс-шаралар кешені» жол картасы бойынша 2018 жылы облыс аумағында барлығы ұзындығы 152,8 км қорғаныс бөгеттерін, өзен арнасының 4,3 шақырымының ұлтанын тазалау, 5,17 шақырымын түзету және 8 ГТҚ құрылысын жүргізу жоспарланған. Есепті мерзімде биылғы жылға жоспарланған 11 нысанның 3-де жұмыс аяқталды, 2-нде қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстары жүргізілуде, 6-на ҚР ІІМ және ҚР АШМ СРК бюджеттік өтінім дайындалуда.
Есепті мерзімде Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссиясының (әрі қарай-ТЖК) 4 отырысы өткізілді (2-жоспарлы, 2-жоспардан тыс), 2017 жылы 8 отырысы өткізілді оның (3-жоспарлы, 5- жоспардан тыс), Қызылорда қаласы мен аудандардағы ТЖК-ның 37, 2017 жылы 55 отырысы өткізілді, атап айтқанда: Қызылорда қ. ТЖК - 6 (жоспардан тыс-3), (2017 жылы 5 жоспардан тыс-1) отырысы, Арал ауданында – 7 (жоспардан тыс-1), (2017 жылы 5 (жоспардан тыс-1)), Қазалы ауданында - 11 (жоспардан тыс-5), (2017 жылы 11 (9)), Қармақшыда – 2 (жоспардан тыс-0), (2017 жылы 3 (1)), Жалағашта – 1 (жоспардан тыс-0), (2017 жылы 6 (4)), Сырдарияда – 4 (жоспардан тыс-2), (2017 жылы 9 (6)), Шиеліде – 2 (жоспардан тыс-0), (2017 жылы 6 (2)), Жаңақорғанда – 4 (жоспардан тыс-1), (2017 жылы 10 (7)) өткізіліп, отырыс хаттамасы шешімімен берілген тапсырмалардың орындалуы бақылауға алынды.
Жыл басынан бері облыстық ТЖК отырыстарында төмендегідей мәселелер қаралды:
- «Облыс аумағындағы Сырдария өзені бойындағы қауіпті су шаруашылығы нысандарының жағдайы туралы» (30.01.2018 жылы, жоспардан тыс);
- «Су шаруашылығы нысандарының бүгінгі жағдайы және көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары туралы» (01.03.2018 жылы);
- «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары туралы» (01.03.2018 жылы, жоспардан тыс).
- «Арал ауданының Арал қаласында және Арал тұз елді мекенінде орналасқан тұрғын үйлерде орын алған төтенше жағдайлар туралы» (20.03.2018 жылы).
- Мұз жүру кезеңінің аяқталуына байланысты облыс аумағында орналасқан су шаруашылығы нысандары мен гидротехникалық құрылыстардың техникалық жағдайына жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі туралы (11.05.2018 жылы).
- 2018-2020 жылдары елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру және дала өрттері бойынша жергілікті атқарушы органдармен атқарылған жұмыс нәтижелері туралы (11.05.2018 жылы).
- Жазғы кезеңде облыстың су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары туралы (11.05.2018 жылы).
Облыстық ТЖК жұмыс жоспарына сәйкес есепті мерзімге жоспарланған мәселелердің барлығы қаралып, уақтылы орындалды. ІІ тоқсанда қаралуы тиіс «Облыс аумағында орналасқан құлақтандыру жүйесінің жай-күйі» туралы сұрақ алдағы комиссия отырысында қарау жоспарлануда.
2018 жылғы көктемгі су тасқынын алдын алу бағытында Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне (2018 жылғы 27 ақпанда № 29-20-11/03/404-И) хаты арқылы су басу аймағында орналасқан елді мекендердегі каналдар, арықтарды қоқыстан тазарту жөнінде хат жолданды. Сонымен қатар 2018 жылғы 1 наурызда облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен өткізілген төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясы отырысында Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне су басу қауіпі бар елді мекендердегі каналдар мен арықтардың қоқыстан тазартылуын қатаң бақылауға алу жөнінде тапсырма берілді.
5-07-2018, 16:56

Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің 2017 жылғы 9 айда атқарған жұмыс есебі

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің жұмысы төтенше жағдайлардың қаупін азайтуға, адам өмірі мен денсаулығын сақтау мен Министрліктің Алқа қаулыларын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшылығының жанында өткен жедел кеңестердің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің тапсырмаларын орындауға бағытталды.
17-11-2017, 00:44

2017 жылы Қызылорда облысы аумағындағы жергілікті атқарушы органдарының, департаменттің су тасқынынан және су басудан елді мекендер мен шаруашылық объектілерді қорғау бойынша атқарылған іс-шаралар талдауы

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментімен облыс аумағындағы гидротехникалық құрылғылардың жағдайына үнемі мониторинг жүргізіліп отырады. Жергілікті атқарушы органдармен және су шаруашылығы ұйымдарымен бірігіп, гидротехникалық құрылғылардың техникалық жағдайына тексеру жұмыстары жүргізіліп, оларды нығайту бойынша шаралар жасалады.
21-06-2017, 23:30

Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің 2017 жылдың 4 айында атқарған жұмысына ТАЛДАУЫ

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің жұмысы төтенше жағдайлардың қаупін азайтуға, адам өмірі мен денсаулығын сақтау мен Министрліктің Алқа қаулыларын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшылығының жанында өткен жедел кеңестердің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің тапсырмаларын орындауға бағытталды.
21-06-2017, 15:16

Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімімен 2016 жылда атқарылған жұмыс есебі

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің жұмысы төтенше жағдайлардың қаупін азайтуға, адам өмірі мен денсаулығын сақтау мен Министрліктің Алқа қаулыларын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшылығының жанында өткен жедел кеңестердің, Департаменттің, Департамент бастығы жанындағы Кеңестің хаттамалық тапсырмаларын, Министрлік, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің тапсырмаларын орындауға бағытталды.
7-04-2017, 10:49

Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімімен 2016 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс есебі

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің жұмысы төтенше жағдайлардың қаупін азайтуға, адам өмірі мен денсаулығын сақтау мен Министрліктің Алқа қаулыларын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшылығының жанында өткен жедел кеңестердің, Департаменттің, Департамент бастығы жанындағы Кеңестің хаттамалық тапсырмаларын, Министрлік, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің тапсырмаларын орындауға бағытталды.
30-10-2016, 14:54