2018 жылғы 5 айдағы өрт қауіпсіздігі саласы бойынша тексерілген нысандар

Есепті кезеңде өрт қауіпсіздігі саласы бойынша 693 нысан тексеріліп (2017 ж. - 654) 6% өсті, оның ішінде: ерекше тәртіп бойынша 469 нысан, жоспардан тыс 224 нысан (бақылау бағытында 76, прокуратура органдарының тапсырмасы бойынша 144, арыз бойынша 4 нысан) тексерілді. Тексерулер барысында 3377 тармақты құрайтын өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылығы анықталды.
Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзған 619 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып (2017 ж. - 383) 61,6% өсті, 2 млн. 711 мың 637,5 теңге айыппұл салынды (2017 ж.- 12 млн. 275 мың 290 теңге), 4,5 есе азайды.
1-06-2018, 12:05

Азаматтық қорғаныс саласы бойынша тексеру

2018 жылы 5 айда азаматтық қорғаныс саласы бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында 8 нысан тексерілді.
Тексерілген нысандар:
1. "Саутс-Ойл" ЖШС Қызылорда қаласындағы филиалы.
2. "Сырдариямұнай" ЖШС.
3. "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық балалар ауруханасы" КМҚК.
4. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық ауруханасы» МКҚК.
5. «Жаңақорған-транзит» ЖШС.
6. «Семізбай-U» ЖШС «Иіркөл» филиалы.
7. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Амбулаториялық емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасы» МКҚК.
8. "Қазгермұнай" БК" ЖШС.
31-05-2018, 11:15

2018 жылғы 1-тоқсандағы өрт қауіпсіздігі саласы бойынша тексерілген нысандар

Есепті кезеңде өрт қауіпсіздігі саласы бойынша 232 нысан тексеріліп (2017 ж. - 202), 15% өсті, оның ішінде: ерекше тәртіп бойынша 160 нысан, жоспардан тыс 72 нысан (бақылау бағытында 70, прокуратура органдарының тапсырмасы бойынша 1, арыз бойынша 1 нысан) тексерілді. Тексерулер барысында 732 тармақты құрайтын өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылығы анықталды.
Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзған 164 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып (2017 ж. - 84), 95% өсті, 649 мың 350 теңге айыппұл салынды (2017 ж.- 2 млн. 609 мың 350 теңге), 4 есе азайды.
Оның ішінде: 3 жеке тұлғаға 36 мың 075 теңге айыппұл салынып әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2017 ж. – 14 тұлға 170 мың 175 теңге), 13 лауазымды тұлға 348 мың 725 теңге (2017 ж. – 43 тұлға 1 млн. 508 мың 885 теңге), 11 заңды тұлға 264 мың 550 теңге (2017 ж. – 16 тұлға 930 мың 290 теңге).
Жоспардан тыс - бақылау бағытында тексеру жұмыстарының қорытындысымен нұсқама талаптарын орындамағаны үшін мекеме басшыларына ҚР ӘҚБтК 462 бабы 3 тармағымен 3 хаттама толтырылып әкімшілік сотқа жолданды (2017 жылы - 3). Оның 1 хаттамасы қанағаттандырылы (2017 жылы - 0), 841 мың 750 теңге көлемінде ақшалай айыппұл салынды (2017 жылы – 0 теңге). 2 хаттама сотта қаралуда (2017 жылы - 1), қараусыз қалдырылған хаттама жоқ (2017 жылы - 2).
5-04-2018, 18:58

Азаматтық қорғаныс саласы бойынша тексеру

2017 жылы 12 айда азаматтық қорғаныс саласы бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында 20 нысан тексерілді.
Тексерілген нысандар:
1. Қызылорда қаласының «Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ММ.
2. Қызылорда қаласының «Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.
3. «ҚуатАмлонМұнай» БК» ЖШС.
4. «Аралгаз» ЖШС.
5. «ҚОР» МҚ» АҚ.
6. «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ.
7. «Тұрангаз» ЖШС.
8. «Қызылордажылуэлектроорталығы» ШЖҚ МКК.
9. "Жалағаш ауданы әкімінің аппараты" КММ.
10. "Қазалы ауданының әкімі аппараты" ММ.
11. "Қызылорда су жүйесі" МКМ.
12. «Жалағаш аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ.
13. «Сырдария аудандық құрылыс бөлімі» КММ.
14. "Қызылкұм" ЖШС.
15. "Байкен-U" ЖШС.
16. "Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты" МКК.
17. "Cырдария ауданы әкімінің аппараты" МКК.
18. «СКЗ-U» ЖШС.
19. "Сауда - көлік компаниясы" ЖШС-нің "СКК-Шиелі" филиалы.
20. АҚ «Торғай Петролеум».
5-01-2018, 14:42

Азаматтық қорғаныс саласы бойынша тексеру

2017 жылғы 6 айда азаматтық қорғау іс-шараларының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша 4 нысан тексерілді.
Ағымдағы жылғы 26 маусымында Жалағаш ауданының «Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» бөліміне тексеру жүргізілді.
12-07-2017, 20:14

Өрт қауіпсіздігі саласы бойынша тексеру нәтижесі 2017 жылғы І жартыжылдық бойынша

Департаменттің өрт қауіпсіздігі саласы бойынша есебінде тұрған нысандар саны 5 326, оның ішінде: жоғары тәуекел дәрежелі 1 142 нысан, жоғары тәуекел дәрежелі нысандарға жатқызылмағаны 4 184. Есепті кезеңде өрт қауіпсіздігі саласы бойынша 804 нысан тексеріліп (2016 ж. - 622), 29,3% өсті, оның ішінде: ерекше тәртіп бойынша 627 нысан, жоспардан тыс 177 нысан (бақылау бағытында 146, прокуратура органдарының тапсырмасы бойынша 27, арыз бойынша 4 нысан) тексерілді. Тексерулер барысында 2 380 тармақты құрайтын өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылығы анықталды.
12-07-2017, 19:45

2017 жылғы 5 айының есебі бойынша

2017 жылғы 5 айының есебі бойынша Қызылорда облысында ерекше тәртіп бойынша – 654 нысан тексерілген, оның ішінде – 357 нысанға салынған айыппұл – 12 275 290 теңге болды.
11-07-2017, 19:39