«Ашық есік күні»

2018 жылдың 6 сәуірінде ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалында 12 мамыр - «Медбикелер» күніне орай, «Ашық есік күні» өткізілді. «Ашық есік күніне» Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенттері шақырылды. «Ашық есік» күніне медициналық жоғары колледжінің 49 студенті қатысты.
Шара барысында студенттерге Төтенше жағдайлар кезіндегі алғашқы медициналық көмек жұмыстары көрсетілді. Студенттер Апаттар медицинасы туралы сұрақтар қойып, оларға жеткілікті жауаптар алды. Медицина қызметкерлері мен бірге медициналылық құрал-жабдықтарын дұрыс қолдануды үйренді.
Студенттер Апаттар медицинасы қызметкерлерінің жұмысымен танысып, қызығушылық танытты. Студенттерге Апаттар медицинасы орталығының тарихы жайында және күре жолдық медициналық құтқару бекеттері туралы айтылып, заманауи медициналық құрал-жабдықтар көрсетілді.
«Ашық есік күні» жиынының соңында студенттерге Апаттар медицинасы орталығының іс-қимылдары, олардың адам өміріндегі маңызды рөлі жайында айтылды

«Ашық есік күні»
«Ашық есік күні»
«Ашық есік күні»
«Ашық есік күні»
9-04-2018, 18:58

«Біз - біргеміз, берік іргеміз!»

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-де ұжымдық ахуалды қалыптастыруға байланысты, бас құтқарушы- психолог Ж. Бегманова «Біз -біргеміз, берік іргеміз» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг мақсаты - жас қызметкер арасындағы ұйымшылдықты, әріптестеріне деген сенімді орнату, өзара жақсы қарым-қатынаста болу, ұжымдағы психологиялық үйлесімділікті арттыру болып табылады.
Тренинг барысында жеке құрам назарына «Жұбыңды тап», Қолдау", «Тізбек», «Өрмекші торы», «Айна», «Ренішті жою», «Сенімділікті арттыру» ойын жаттығулары ойнатылды.
Сонымен қатар, релакциялық жаттығу "Ха-ха" дем шығару жаттығуы орындалды. Тренинг соңында, жас қызметкерлерден бүгінгі іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, жақсы көңіл-күймен аяқтады.

"Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы"

«Біз - біргеміз, берік іргеміз!»
«Біз - біргеміз, берік іргеміз!»
«Біз - біргеміз, берік іргеміз!»
«Біз - біргеміз, берік іргеміз!»
«Біз - біргеміз, берік іргеміз!»
«Біз - біргеміз, берік іргеміз!»
«Біз - біргеміз, берік іргеміз!»
9-04-2018, 14:39

«Төтенше жағдайлар департаментінің 2018 жылғы бірінші тоқсанында атқарылған жұмысы туралы» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өткізілді

2018 жылдың 2 сәуірде Қызылорда облысы өңірлік коммуникациялар орталығында Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі О.Бержановтың қатысуымен «Төтенше жағдайлар департаментінің 2018 жылғы бірінші тоқсанында атқарған жұмысы туралы» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өткізілді. Баспасөз-мәслихаты барысында бірінші тоқсанда атқарылған жұмыс барысы жөнінде БАҚ өкілдеріне кең көлемде мәлімдеме жасады.
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов: «Облыс аумағында 14 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді, 2017 жылмен салыстырғанда 57,1 % өсті (2017 ж.–8). Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен адамдардың саны 3 есе өсті (2018 ж.-18, 2017 ж.-6 адам). Қаза болғандардың саны 25 % азайды (2018 ж.- 3, 2017 ж.-4 адам).

«Төтенше жағдайлар департаментінің 2018 жылғы бірінші тоқсанында атқарылған жұмысы туралы» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өткізілді
«Төтенше жағдайлар департаментінің 2018 жылғы бірінші тоқсанында атқарылған жұмысы туралы» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өткізілді
3-04-2018, 15:33

«Әр үйдегі қауіпсіздік» пен «Балаларды жалғыз қалдырмаңыздар!»

Қармақшы ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей базасында іс-шара ұйымдастырылды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар мен өрттің алдын алу мен болдырмауды және мектептерде қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатындағы ата-аналармен жиналыс «Әр үйдегі қауіпсіздік» пен «Балаларды жалғыз қалдырмаңыздар» тақырыбында өткізілді. Жиналыста Қызылорда облысы ТЖД бас маманы азаматтық қорғау лейтенанты А. Сапарғалиев ауданда болып жатқан төтенше жағдайлар мен өрт оқиғалары жөнінде қысқаша түсіндірме беріп, оларды болдырмау бағытындағы профилактикалық жұмыстар мен алдын алу туралы айтты. Ата-аналар жиналысына ардагерлер кеңесінің төрағасы, білім беру саласының қызметкерлері (мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтар, сынып жетекшілері), ата-аналар, прокуратура, ішкі істер, Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері қатысты. Іс-шараға барлығы 450 адам қатысты.

«Әр үйдегі қауіпсіздік» пен «Балаларды жалғыз қалдырмаңыздар!»
«Әр үйдегі қауіпсіздік» пен «Балаларды жалғыз қалдырмаңыздар!»
3-04-2018, 11:22

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тақырыбында кездесу өткізілді

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау мақсатында кездесу өткізілді.
Іс-шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, Нұр Отан партиясының Тұран филиалы «Дарын бастауыш» партиясы ұйымының төрайымы Әлия Қалжанқызы Мүйденова қатысты.
Заң ғылымдарының магистрі Ә. Мүйденова қатысушыларға қазақ халқының салт-дәстүрінің сақталуы туралы айтты. Біздің ұлттық салт – дәстүр, тіл және музыка, әдебиет – бір сөзбен айтқанда, ұлттық рух бізбен мәңгі бірге болу керектігін атап өтті.
Қатысушылар қоғамдық жаңарудың негізі болып келетін жобаның міндеттері мен мақсаттарын талқылады.
Кездесу барысында атап өткендей, Елбасының мақаласы бүгінгі күні өзекті қоғамдық-саяси және мәдени-этикалық негіздерді жетілдіру тұрғысынан және автор идеяларымен тұжырымдалған бірқатар нақты шаралардан тұрады.
Өз сөзінде Ә. Мүйденова, Президенттің мақаласы еліміз үшін маңызды мәдени-әлеуметтік жаңалық болып табылатындығын атап өтті.Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау мақсатында кездесу өткізілді.
Іс-шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, Нұр Отан партиясының Тұран филиалы «Дарын бастауыш» партиясы ұйымының төрайымы Әлия Қалжанқызы Мүйденова қатысты.
Заң ғылымдарының магистрі Ә. Мүйденова қатысушыларға қазақ халқының салт-дәстүрінің сақталуы туралы айтты. Біздің ұлттық салт – дәстүр, тіл және музыка, әдебиет – бір сөзбен айтқанда, ұлттық рух бізбен мәңгі бірге болу керектігін атап өтті.
Қатысушылар қоғамдық жаңарудың негізі болып келетін жобаның міндеттері мен мақсаттарын талқылады.
Кездесу барысында атап өткендей, Елбасының мақаласы бүгінгі күні өзекті қоғамдық-саяси және мәдени-этикалық негіздерді жетілдіру тұрғысынан және автор идеяларымен тұжырымдалған бірқатар нақты шаралардан тұрады.
Өз сөзінде Ә. Мүйденова, Президенттің мақаласы еліміз үшін маңызды мәдени-әлеуметтік жаңалық болып табылатындығын атап өтті.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тақырыбында кездесу өткізілді
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тақырыбында кездесу өткізілді
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тақырыбында кездесу өткізілді
30-03-2018, 18:57

Қайғылы оқиға бәріне сабақ болуы тиіс

Облыстық әкімдікте облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Ресей елінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты мәжіліс өтті.
Белгілі болғандай, Кемерово қаласында өткен жексенбіде төрт қабатты сауда орталығында өрт оқиғасы орын алды. Өрт ошағы бірнеше кинозалы, балалардың ойын аймағы мен аттракциондары бар жоғарғы қабатта болған.
Соңғы мәлімет бойынша қайғылы оқиға нәтижесінде 64 адам қаза болған, оның 41-і балалар. Өңір басшысы атап өткендей, мұншама көп адамның құрбан болуы ғимарат құрылысын салуда техникалық норма талаптарын сақтамауынан, өртке қарсы қауіпсіздік ережесінің бұзылуынан болған. Белгілі болғандай, өрт кезінде автоматты өрт сөндіру жүйесі жұмыс істемеген, апат болған жағдайда шығатын есіктер жабық болған. Мұндай жағдай кез-келген қалада орын алуы мүмкін. Ешкім де ештеңеден сақтандырылып қойылмаған, - деді облыс әкімі.
Облыстағы адам көп шоғырланған орындардағы өртке қарсы қауіпсіздік шараларының сақталуы туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Асқар Төлешев баяндады.
Аймақ басшысы тиісті қызметтерге, облыстық басқарма басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, облыстық төтенше жағдайлар депратаментіне облыс аумағында адам жаппай жиналатын нысандарға мониторинг жүргізуді, проблемалық нысандарға заңға сәйкес қатаң шаралар қабылдауды тапсырды. Облыстық сәулет-құрылыс бақылау департаментінің басшысына қалада салынып жатқан мәдени-сауықтыру нысандарының техникалық норма талаптарына сәйкес болуын тексеруді тапсырды. Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне барлық ведомстваға қарасты әлеуметтік нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды.

Қайғылы оқиға бәріне сабақ болуы тиіс
30-03-2018, 12:41

Ақпарат Бүгін 2018 жылдың 29 наурызында Сырдария өзені арнасында мұз кептілуі әсерінен «Шағала» жазғы лагерін су басты.

Бүгін 2018 жылдың 29 наурызында Сырдария өзені арнасында мұз кептілуі әсерінен «Шағала» жазғы лагерін су басты.
Су деңгейін төмен түсіру үшін Басықара су торабының қақпағы жабылды, сонымен бірге мұз кептілісін жою мақсатында Сырдария өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат    Бүгін 2018 жылдың 29 наурызында Сырдария өзені арнасында мұз кептілуі әсерінен «Шағала» жазғы лагерін су басты.
Ақпарат    Бүгін 2018 жылдың 29 наурызында Сырдария өзені арнасында мұз кептілуі әсерінен «Шағала» жазғы лагерін су басты.
Ақпарат    Бүгін 2018 жылдың 29 наурызында Сырдария өзені арнасында мұз кептілуі әсерінен «Шағала» жазғы лагерін су басты.
29-03-2018, 15:38

Сырдария өзеніндегі су шаруашылығы жағдайы туралы

Ағымдағы жылдың 21 наурызында Сырдария өзенінде мұздың өту кезеңінде сең-мұздың тұрып қалуы себебінен Жалағаш ауданы «Далдабай» және Қармақшы ауданы «Қызылтам» елді мекендері арасындағы облыстық маңызы бар автожолда судың асуы орын алды.
Сол себептен автожол қозғалысы жабылды. Жергілікті полиция қызметі күшімен бекет қойылды, кезекшілік ұйымдастырылды.
ТЖД бөлімшелерінің күшімен (15 адам, 2 бірлік техника) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп (70 адам, 5 бірлік техника) ұзындығы 400 метр автожол бойында жолды топырақпен бекіту жұмысы жүргізілді.
Жергілікті атқарушы органдар су асып кетпеу үшін бөгет жасауға 100 тоннаға жуық инертті материал әкеліп, 2500 дана қап топырақ салды.
Ағымдағы жылдың 21 наурызында 18 сағат 30 минутта судың асуы тоқтады. Елді-мекендерді су басу қаупі жоқ. Судың деңгейі төмендеді, сең жүру процесі жалғасуда.
ТЖД қызметкерлерінің күшімен мұздың өтуіне мониторинг жүргізілуде.
Қармақшы ауданының орталығы «Жосалы» кентінде ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының» бір бөлімшесінің кезекшілігі ұйымдастырылды.
22-03-2018, 10:14

Тәуелсіз елдің ұланы болу бақыты

«…Тәуелсiздiк – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетiн арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.»
«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман.»

Н.Назарбаев

1991 жыл - еліміздің тәуелсіздік алған жылы. Сол сәттен бері міне 26 жылдан асып барады. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы - қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар.
Ғафур да егемендік алған уақытта дүние есігін ашып, жетіліп келе жатқан азамат. Ол 1991 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жалағаш кентінде дүниеге келді. Әкесі – Әли Каюпов аудандағы Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімде қызметкер, анасы – Күміскүл аудандағы телекоммуникация торабында АТС инженері болып еңбек етуде. Отбасында Алтынай, Қырмызы есімді әпкелері мен Әділбек атты ағасының қамқоршылдығына бөленген кенжесі болды. 2008 жылы №201 орта мектептің 10 сыныбын тәмамдап, оқуын одан әрі жалғастыру үшін Алматы Мемлекеттік Энергетика және электронды технологиялар колледжіне оқуға түседі. 2012 жылы техник-электроник біліктілігін алып шықты. 2013 жылы Көкшетау техникалық институтына оқуға түсіп, тәжірибе алмасу бағдарламасы бойынша 2017 жылы Беларусь Республикасының ТЖМ Азаматтық қорғау Университетін жақсы бағамен бітірді. Бітірген жылы Қызылорда облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою бөліміне аға инженер лауазымына тағайындалды.
Оқу барысында өзін тәртібі және білімі деңгейінің, еңбекшілдігін көрсете біліп, өзге елдегі курстастарынан қалып қоймай, намысын қамшылап, олардан да озат көрінген тұстары бар. Сабақ пен оқу-жаттығуда ғана белсенділік танытпай, сонымен бірге, мәдени-қоғамдық іс-шараларға да атсалыса білді. Жоғарғы оқу орындары арасындағы ұлттық-мәдени фестивальдарына, Минскідегі «Қазақстанның мәдени күндері» іс-шарасына қатысты. Осындай игі істерінің арқасында бірнеше рет институт басшылығының алғыс хаттарына ие болды. «Беларусь Республикасы ТЖМ Командалық-инженерлік институтына 80 жыл» естелік кеуде белгісімен марапатталды. 2015 жылы университетте оқып жатқан шет ел студенттерінің арасында үстел теннисі сайысында 1 орынды иеленді. Танымал режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» атты фильмінің Беларусияда түсірілген картинасында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы сарбаздың ролін сомдау үшін қосымша эпизодтағы ролді ойнау бақыты бұйырды. Мұның бәрі қарапайым курсант үшін үлкен мотивация болатын. «Беларусиядағы менің курсанттық шақтарым – мен үшін айта беретін қызықты оқиғалар қатары сияқты.»-дейді ол өз сөзінде.
Ғафур тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы біледі. Ол былай дейді: «Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Бұл күнге дейін жеткен оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихымызда қалатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде ызғарлы Желтоқсан оқиғасының да септігі аз болған жоқ. Оны ұмытпауымыз керек. Желтоқсан оқиғасы ел тәуелсізідігіне жасалған қадамның бірі еді. Қазіргі таңда Тәуелсіздіктің арқасында еліміз ынтымақтастық пен татулықты ту етіп отыр. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - ең алдымен халқымыздың бақыты. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты саясатының нәтижесі. Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның басты бағыты болуы тиіс. Мен де өз мамандығым бойынша елдің қауіпсіздігін сақтау жолында аянбай еңбек етемін».
Иә, байтақ еліміздің келешекке жоспарлаған бағыт-бағдары бар. Оны Елбасымыздың халыққа жолдауларында да және «Бес бастама» үндеуінде де айтып келеді. Еліміз өзге мемлекеттермен терезесі тең дәрежеде болуы үшін кейінгі буын еңбек етуден, білім алудан еш жалықпауы керек. Өйткені, кемел келешек пен елдің болашағы да олардың қолында.

Тәуелсіз елдің ұланы болу бақыты
Тәуелсіз елдің ұланы болу бақыты
Тәуелсіз елдің ұланы болу бақыты
Тәуелсіз елдің ұланы болу бақыты
Тәуелсіз елдің ұланы болу бақыты
Тәуелсіз елдің ұланы болу бақыты
Тәуелсіз елдің ұланы болу бақыты
Тәуелсіз елдің ұланы болу бақыты
Тәуелсіз елдің ұланы болу бақыты
Тәуелсіз елдің ұланы болу бақыты
Тәуелсіз елдің ұланы болу бақыты
21-03-2018, 22:31

Өрттің алдын алу бағытында волонтерлармен бірге өткізілген үгіт-насихат жұмысы

Көпқабатты тұрғын үйлердегі өрттің алдын алу және өрт қауіпсіздігін арттыру мақсатында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және «Жас Отан» жастар қанатының волонтерларымен бірлесіп, көпқабатты үйлердің тұрғындарына өрт қауіпсіздігі туралы үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында қала төңірегінде орналасқан көп қабатты тұрғын үйлерді аралап, үнпарақтар таратылып, тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау қажеттігі түсіндірілді. Осы іс-шарада 46 пәтердің 130 тұрғыны қамтылды. Аталған іс-шараға тұрғындарды кеңінен қамту мақсатында көп қабатты тұрғын үй аулаларында дауысзорайтқыш арқылы түсіндірме жасалды.

Өрттің алдын алу бағытында волонтерлармен бірге өткізілген үгіт-насихат жұмысы
Өрттің алдын алу бағытында волонтерлармен бірге өткізілген үгіт-насихат жұмысы
Өрттің алдын алу бағытында волонтерлармен бірге өткізілген үгіт-насихат жұмысы
21-03-2018, 22:05