Қызылорда облысы Шиелі ауданында төтенше жағдайдың алдын алу бағытында билборд орнатылды

Қызылорда облысы Шиелі ауданында төтенше жағдайдың алдын алу бағытында билборд орнатылды
Шиелі кенті көшелерінде төтенше жағдайдың алдын алу бойынша билбордатрды орнату дәстүрге айналып келеді. Осы бағытта Шиелі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі Шиелі ауданы әкім аппаратымен бірге тұрғын үйлерде өрттің алдын алу мақсатында «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» трассасында «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыздар» тақырыбында билборд ілінді. Ондағы басты мақсат - әрбір адам өмірі мен қоғам мүлкін сақтау, сондай-ақ тұрғындарды төтенше жағдайлардың алдын алу мен қауіпсіздік ережесі талаптарын сақтауға шақыру болды. Алдағы уақытта Шиелі ауданы көшелеріне «Судағы төтенше жағдайды болдырмау» тақырыбында билборд ілу жоспарлануда.

Қызылорда облысы ТЖД

Қызылорда облысы Шиелі ауданында төтенше жағдайдың алдын алу бағытында билборд орнатылды
Қызылорда облысы Шиелі ауданында төтенше жағдайдың алдын алу бағытында билборд орнатылды
13-04-2018, 13:58

Облыс мұғалімдеріне арнап ашық сабақ өткізілді

Биылғы жылдың көктемі Ресей Федерациясындағы Кемерова қаласындағы «Зимняя вишня» сауда орталығындағы қайғылы жағдаймен басталды. Бұл оқиға тек қана Ресейге ғана ауыр соққы болған жоқ. Тқиға біздің елімізге де сабақ болуы керек. Осы мақсатта төтеншеліктер табанынан тік тұрып, күні-түні жоспардан тыс тексерулер мен халық арасында түсіндірме жұмыстарын, әр түрлі үгіт-насихат іс-шараларын жүргізуде.
Осыған орай Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы - Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен бірге көпшілік жиналатын орындарда өрт орын алған жағдайда әрекет ету ережесі туралы үгіт-насихаттық жұмыстарды жүргізуде. Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы Халыққа хабар беру және оқыту тобының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі А.С. Алдажарова мен Көкшетау техникалық институтының 4-ші курс курсанты Р.М. Еспембетов 2018 жылдың 5-10 сәуірінде қалалық, аудандық білім бөлімдерінде облыс мұғалімдеріне «Өрттің алдын алу. Өрт кезіндегі адамдардың іс-әрекеті» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Облыс мұғалімдеріне арнап ашық сабақ өткізілді
Облыс мұғалімдеріне арнап ашық сабақ өткізілді
Облыс мұғалімдеріне арнап ашық сабақ өткізілді
Облыс мұғалімдеріне арнап ашық сабақ өткізілді
Облыс мұғалімдеріне арнап ашық сабақ өткізілді
Облыс мұғалімдеріне арнап ашық сабақ өткізілді
Облыс мұғалімдеріне арнап ашық сабақ өткізілді
13-04-2018, 13:48

Ұжымдағы микроклимат

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-де ұжымдық ахуалды қалыптастыруға байланысты, бас құтқарушы-психолог Ж. Бегманова «Ұжымдағы микроклимат» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Тренинг барысында жеке құрамға "Ұжымдағы микроклимат " туралы қысқаша түсінік беріп, тренинг ережелерімен таныстырды. Жасақ қызметкерлер арасындағы түсінушілік пен әріптестеріне деген сенімділікті орнату, ұжымдағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында, "Орындық", «Шапшаң қимылда», "Ұжымдық есеп", «Өрмекші торы», «Лабиринт", "Сіз қандай жұмыскерсіз", «Орныңды ауыстыр», «Кедергіден өту» т.б. тренинг жаттығуларды ойдағыдай орындады. Құтқарушылар төрт топқа бөлініп, «Төрт құбыла» тақырыбында туған жерге байланысты сурет жарысын қызығушылықпен салып, өз жұмыстарын қорғай білді. Сондай-ақ, "Теңізге саяхат" атты релаксациялық жаттығуын орындатып, 10-15 минуттай кофе-брейк ұйымдастырылды.
Тренинг соңында, жасақ қызметкерлерден бүгінгі іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.

ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ-нің медициналық-психологиялық бөлімінің бас құтқарушы-психологі Ж. Бегманова

Ұжымдағы микроклимат
Ұжымдағы микроклимат
Ұжымдағы микроклимат
Ұжымдағы микроклимат
11-04-2018, 17:00

Қызылорда облысында Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Қызылорда облысы түлектері арасында Көкшетау техникалық институтын насихаттау мақсатында Сыр еліне Көкшетау техникалық институтының өрттің алдын алу кафедрасының аға оқытушысы азаматтық қорғау подполковнигі А.Н. Құсайынов келді.
Шара аясында Абылайхан атындағы Қызылорда жоғары колледжінің, «Ұлағат» колледжінің студенттерімен, сонымен қатар №4 мектептің оқушыларымен кездесті.
Жас өрендерге жас түлектерге қойылатын талаптар, Көкшетау техникалық институтына түсу туралы ережелер, сонымен қатар казармадағы өмір мен оқу орнының артықшылықтары айтылды.
Абылайхан атындағы Қызылорда жоғары колледжінің студенттері бірінші болып кәсіби бағдарлау материалдарын тыңдап шықты. Жастар Көкшетау техникалық институтында оқуға қызығушылық танытып, институт өкілімен қызу әңгіме жүргізді. Кездесу соңында Кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлері алдағы уақытта ұйымдастырушылық шаралар жүргізу үшін Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуге қызығушылық танытқан түлектер туралы ақпарат жинады.

Қызылорда облысында Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді
Қызылорда облысында Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді
Қызылорда облысында Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді
Қызылорда облысында Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді
Қызылорда облысында Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді
Қызылорда облысында Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді
Қызылорда облысында Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді
11-04-2018, 16:30

Қызылордалық құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысына келді

Солтүстік Қазақстан облысы Тайыншин ауданына келгеннен кейін Қызылорда құтқарушылары бірден аумақты және қауіпті жерлерді тексеру үшін жұмысқа кірісті. 2018 жылғы 7 сәуірде құтқарушылар Рощенский, Макашевка, Краматукровка, Красная поляна, Глубокая, Озерная және Құмдыкөл көлінің аудандарындағы ауылдық округтердің мұз жағдайларына мониторинг жүргізді.
2018 жылғы 8 сәуірден бастап Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің және ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдары халықпен профилактикалық жұмыстарды жүргізуде. Жұмыс барысында құтқарушылар тұрғындарға жадынамалар мен нұсқаулықтар таратты, сондай-ақ су тасқыны мен су басу кезіндегі қауіпсіздік іс-қимыл ережелері туралы Келлеровка ауылдық округінің тұрғындарының есіне салды. 2018 жылғы 10 сәуірдегі осындай үгіт-насихаттық іс-шара барысына Солтүстік Қазақстан облысы Тайыншин ауданы Келлеровка ауылдық округінің 30 үйі мен 63 тұрғыны қамтылды.

Қызылордалық құтқарушылар  Солтүстік Қазақстан облысына келді
Қызылордалық құтқарушылар  Солтүстік Қазақстан облысына келді
Қызылордалық құтқарушылар  Солтүстік Қазақстан облысына келді
Қызылордалық құтқарушылар  Солтүстік Қазақстан облысына келді
Қызылордалық құтқарушылар  Солтүстік Қазақстан облысына келді
Қызылордалық құтқарушылар  Солтүстік Қазақстан облысына келді
10-04-2018, 12:52

«Атамекен» сауда орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Оқу-жаттығуға сауда орталығына келушілер, жалға берушілер, аталмыш сауда үйінің қызметкерлері қатыстырылды. Негізгі іс-әрекетті ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалы, «Атамекен» сауда орталығының мамандары атқарды. Оқу-жаттығуға облыстық ТЖД бастығы О. Бержанов, Қызылорда қаласы ТЖБ бастығы Е.Әлішеров, ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы Н. Ибрагимов, аталмыш нысанды тексеруші, Қызылорда қаласы ТЖБ бас маманы Ғ.Бабаев, аталмыш сауда орталығының басшылығынан Б.Пірімжанов қатысты.
Оқу-жаттығу шарты бойынша электр желісінің қысқаша тұйықталуы салдарынан бірінші қабаттағы баспалдақ астында өрт тұтанды. Өртті байқасымен орталықтың қызметкерлері өртке қарсы қызметіне хабар береді және адамдарды ғимараттан шығару жұмыстарын атқарады.
Төрт минут өтісімен оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің бөлімшесі келіп жетеді. Барлық жедел әрекет ету тобы шұғыл қимыл жасады. Жанған өнімдердің түтініне уланған зардап шегушілерге жедел көмек көрсетілді. Өрт сөндірушілер мен қаланың жедел әрекет ету тобының шұғыл іс-қимылының арқасында шартты «өрт» дер кезінде сөндірілді және ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің көлемі 50м2 құрады.
«Атамекен» сауда орталығында жалпы көшеге шығатын 3 есік бар (2 эвакуациялық есік және күнделікті сауда орталығына келушілер кіріп-шығатын 1 негізгі есік).
Оқу-жаттығуға ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің күш-құралдары, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалы, жергілікті полиция қызметі, «Қазтрансгазаймақ» АҚ филиалының авариялық қызметі, сондай-ақ «Атамекен» сауда орталығының қызметкерлері атсалысты. Өрт-тактикалық жаттығу аяқталғаннан кейін Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов іс-әрекеттерді талдауды өткізу барысында «Атамекен» сауда орталығының қызметкерлеріне өрт кезіндегі және өрт қауіпсіздігінің бұзылуы жөнінде атап көрсетті.

 «Атамекен» сауда орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді
 «Атамекен» сауда орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді
 «Атамекен» сауда орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді
 «Атамекен» сауда орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді
 «Атамекен» сауда орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді
 «Атамекен» сауда орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді
9-04-2018, 20:42

Жоспардан тыс тексеруді түсіндіру туралы жиналыс

Департаменттің мәжіліс залында барлық инженерлік-инспекторлық құрамның, Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы және аудандық төтенше жағдайлар бөлімдері бастықтарының, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бастығы Ө. Сейітов пен осы басқарманың мамандарының қатысуымен жоспардан тыс тексеруді тіркеу және Бірыңғай тексеру жүйесі жаңа базасымен жұмыс істеу барысын түсіндіру бойынша жиналыс өткізілді. Тексерілуге тиісті жоғары тәуекел дәрежесіне жататын 20-дан астам сауда нысаны мен 350-ден астам білім беру нысаны (мектепке дейінгі білім беру мекемесі) жеке кәсіпкерлік субъектісі тесерілуі қажет. Аталмыш жиналыста барлық ойын-сауық орталықтары мен базарлары қатаң бақылауда және ағымдағы жылдың тексеру кестесіне ендірілді, тексеру аяқталған соң нысандардың өрт қауіпсіздігі жағдайы туралы жергілікті атқарушы органы, Прокуратура органы және қоғам БАҚ арқылы ақпараттандырылатын болады,-делінді.

Жоспардан тыс тексеруді түсіндіру туралы жиналыс
Жоспардан тыс тексеруді түсіндіру туралы жиналыс
Жоспардан тыс тексеруді түсіндіру туралы жиналыс
9-04-2018, 20:24

Жоспардан тыс өрт-тактикалық жаттығулар

Тәжірибе көрсеткендей, адамдар өрт кезінде сасқалақтайды және олар әрдайым өздерін қадағалай алмайды және денсаулығы мен өмірін құтқара алмайды. Бұған жол бермеу үшін адам көп шоғырланатын нысандардың қызметкерлері эвакуациялық жоспарларды нақтылау үшін практикалық жаттығулар жүргізуде.
2018 жылы 5 сәуірде Қызылорда қаласындағы «Жібек жолы» сауда-ойын-сауық орталығында өрт-тактикалық жаттығулар өткізілді, шарт бойынша ойын-сауық орталығының қызметкерлері өртті байқап, басқа жұмысшыларға ескертті. Содан кейін орталық қызметкерлерінің негізгі іс-әрекеттері жүргізілді. Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштер мен құралдардың жоғарғы шақыру нөмірі бойынша көтерілді. Келген жауынгерлік есептер респираторлық қорғанышпен дымқыл бөлмеге жіберілді. Жаттығулар кезінде өрт сөндіру жедел штабы құрылды, ол қаланың жедел қызметінің және өрт сөндірушілердің іс-әрекеттерін үйлестірді.
Жаттығу кезінде сауда орталығы әкімшілігінің іс-әрекетін ұйымдастыру, орталыққа келушілерді және сауда нүктелерінің иелерін көшірумен, сондай-ақ Апаттар медицина орталығының филиалының шұғыл медициналық көмек көрсетуімен «зардап шеккендердің» медициналық мекемеге одан әрі тасымалдануы арқылы алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Шартты өрт жаттығу басталғаннан кейін 40 минуттан кейін жойылды. Өрт-тактикалық жаттығулар кезінде ғимараттың барлық шығу есіктері тартылды. Ойын-сауық орталығының қызметкерлері эвакуациялау кезінде өз іс-әрекеттерін одан әрі жетілдіріп отыруы керек, себебі авариялық жағдайлар болған жағдайда жедел шешім қабылдауына және сауда орталығының қызметкерлерінің жедел іс-әрекеттеріне келушілердің денсаулығы мен өміріне әсер ететінін ұмытпау қажет.
Қорытындылай келе сауда-ойын-сауық орталығына келушілерге өрт кезінде өрт сөндіргішті қалай қолдануға болатыны және түтінмен толтырылған бөлмелерден шығу ережелері туралы айтылды.

Жоспардан тыс өрт-тактикалық жаттығулар
Жоспардан тыс өрт-тактикалық жаттығулар
Жоспардан тыс өрт-тактикалық жаттығулар
Жоспардан тыс өрт-тактикалық жаттығулар
Жоспардан тыс өрт-тактикалық жаттығулар
Жоспардан тыс өрт-тактикалық жаттығулар
Жоспардан тыс өрт-тактикалық жаттығулар
Жоспардан тыс өрт-тактикалық жаттығулар
Жоспардан тыс өрт-тактикалық жаттығулар
Жоспардан тыс өрт-тактикалық жаттығулар
Жоспардан тыс өрт-тактикалық жаттығулар
Жоспардан тыс өрт-тактикалық жаттығулар
Жоспардан тыс өрт-тактикалық жаттығулар
Жоспардан тыс өрт-тактикалық жаттығулар
Жоспардан тыс өрт-тактикалық жаттығулар
9-04-2018, 20:21

Өрт-тактикалық жаттығу

«Тарлан» спорттық жекпе-жек және күштік спорт түрлері әмбебап дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өрт-тактикалық жаттығу өткізілді. Кешен екі қабатты ғимаратта шағын болса да, онда күнделікті 100-ден астам балалар айналысатын бокс, күрес және таэквондо, ауыр атлетика, жаттығу залы, сондай-ақ асхана, сауна және жатақханасы бар.
Жаттығу жоспарына сәйкес, киім ілетін бөлмеде шартты өрт орын алды. Кешеннің қызметкерлері өрт кезіндегі алғашқы әрекеттерді көрсетті. Жаттығу барысында өрт-тактикалық оқу-жаттығу жетекшісі балалар қауіпсіздігіне, құлақтандыру және эвакуацияға ерекше көңіл бөлді.
«Бақытты балалық шақты қорғау» акциясының аясында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрт кезінде эвакуация мен негізгі өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, балалармен танымдық әңгіме өткізді.
Өрт-тактикалық жаттығу аяқталғаннан кейін Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов «Тарлан» футбол клубының қызметкерлеріне өрт кезіндегі және ғимараттағы эвакуациялаудағы қателіктерді, өрт қауіпсіздігінің бұзылуы жөнінде айтты.

Өрт-тактикалық жаттығу
Өрт-тактикалық жаттығу
Өрт-тактикалық жаттығу
Өрт-тактикалық жаттығу
Өрт-тактикалық жаттығу
Өрт-тактикалық жаттығу
9-04-2018, 20:03

Белсенді өмір салтын ұстанамыз!

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің дәрігері Д. Байжұмаева «Дүниежүзілік денсаулық күнін» мерекелеу қарсаңында Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлерінің қатысуымен «Ашық есік күнін» өткізді.
Іс-шараның мақсаты дене жаттығуларын жасауға және спортпен шұғылдануға, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Іс-шара барысында әрбір қызметкер қан тапсырып, қандағы қант мөлшері мен холестерин деңгейін білді. Осы мүмкіндіктің арқасында өрт сөндірушілер салауатты өмір салтын сақтамаған жағдайда қант диабеті мен семіздікке ұласып кету қаупін білді.
Қорытынды бөлімде мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің дәрігері Д. Байжұмаева салауатты өмір салтын ұстау адам ағзасына оң нәтижесін келтіретіндігі жөнінде, дұрыс тамақтану туралы айтты және ақпараттық–танымдық материалдарды таратты.

Белсенді өмір салтын ұстанамыз!
Белсенді өмір салтын ұстанамыз!
Белсенді өмір салтын ұстанамыз!
Белсенді өмір салтын ұстанамыз!
Белсенді өмір салтын ұстанамыз!
9-04-2018, 19:50