Қызылорда облысының ірі кәсіпкерлерімен өткен консультативтік кеңес

Қызылорда облысының ірі кәсіпкерлерімен
өткен консультативтік кеңес

Дүниежүзілік экономикалық форумы Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің индикаторларын жақсарту мақсатында Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз орталығы залында консультативтік кеңестің отырысы өтті. Кеңес отырысына ірі бизнесмендер, облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшылары, Облыстық инновациялық – өнеркәсіптік даму басқармасының, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының, ««Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының өкілдері қатысты.
Отырыс төрағасы Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Н.Ерманов қатысушыларды облыстың экономикалық даму көрінісімен таныстыды. Сондай – ақ өңірдің әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі индикаторларын, еліміздің экономикалық дамы бағдарламасының орындалуы жайында атап өтті. Отырыста мемлекеттік мекемелердің басшылары тыңдалып, бизнесүшін әкімшілік кедергілерді азайту және халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру жұмыстарының нәтижелері талқыланды.
Отырыс барысында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Р.Қайрақбаев уәкілетті орган тарапынан кәсіпкерлерге мемлекеттік өрт бақылау, азаматтық қорғаныс және басқа да көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру тәртібін кеңінен түсіндірді. Сондай – ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы талаптардың қолданыстағы нормалары туралы мәселелер көтеріліп, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер қаралды.
Отырыстың қорытынды бөлігінде қатысушылар бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторларын жақсарту бойынша өздерінің ұсыныстары мен толықтыруларын енгізді, мақсаттарын анықтап, тұрғындарға үгіт – насихат саласында бірлескен жұмыстарды жүргізу секілді бірқатар негізгі міндеттерді белгіледі.

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті

Қызылорда облысының ірі кәсіпкерлерімен өткен консультативтік кеңес
Қызылорда облысының ірі кәсіпкерлерімен өткен консультативтік кеңес
Қызылорда облысының ірі кәсіпкерлерімен өткен консультативтік кеңес
Қызылорда облысының ірі кәсіпкерлерімен өткен консультативтік кеңес
Қызылорда облысының ірі кәсіпкерлерімен өткен консультативтік кеңес
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Введите код: