Өрт қауіпсіздігі туралы

Өрт қауіпсіздігі туралы

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, № 5 өрт сөндіру бөлімі және Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері бірлесіп кезекті өрт қауісіздігі сенбілігін өткізді.
Белгілі болғандай, жылу беру маусымы кезеңінде қызметкерлердің назары қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан туындайтын тұрғын үй секторларындағы өрттердің, улы газбен уланудың алдын алуға ерекше бағытталған.
Жұмыс барысында азаматтық қорғаныс қызметкерлері тұрғындармен тек түсіндірме сұхбаттарын жүргізбей, сондай-ақ тұрғындарға төсек орнында шылым шегудің қауіптілігі туралы және ашық отты абайсыз пайдаланудың, жылыту жүйесі мен құралдарын дұрыс пайдаланбаудың зардаптары туралы толық айтты. Алынған білімдерді нығайту үшін барлығына тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің маңызды негіздерін мысалға келтіретін және шұғыл қызмет телефон нөмірлері бар көрнекті парақшаларды таратты. Жалпы алғанда, қызметкерлер 237 үйді аралап шықты.
Сонымен қатар қызметкерлер автокөліктегі өрттерге жол бермеу мақсатында рейд жұмыстарын жүргізді, көлік жүргізушілеріне 40 дана жадынамалар таратып, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өрт сөндіргіштерді пайдаланылу және олардың жарамдылық мерзімін қарады.
Өрттер алдын ала болдырмау үшін халыққа түсіндіру жұмыстары маңызды болып табылады. Тұрғындар өрт болдырмау үшін қырағылық көрсету керек. Өрттерді алдын ала болдырмау бойынша жұмыс өте маңызды, сондықтан әр азамат жеке қауіпсіздігі мен мүлікті сақтаудың кепілі болатын өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтауды ұғыну керек.

Еркін Назарқұлов Есетұлы
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы
Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы

Өрт қауіпсіздігі туралы
Өрт қауіпсіздігі туралы
Өрт қауіпсіздігі туралы
Өрт қауіпсіздігі туралы
Өрт қауіпсіздігі туралы
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Введите код: