Бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және төзімділікті жемқорлықтың кез-келген қоғамда қалыптастыру мақсатында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде семинар өткізілді, онда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы А.Сәлімжан қатысты.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының бас маманы 2018 жылғы 10 қаңтарындағы Президент Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктеі» атты төртінші бағытын жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі туралы тоқталды. А.Сәлімжан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның мақсаттары мен міндеттерін, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын түсіндірді. Ол сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдары туралы әңгімелеп, семинарға қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте біріктіруге шақырды.
Семинар соңында қызметкерлерге тақырыптық бейнероликтер мен слайдтар көрсетілді.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық құтқару жұмыстары қызметі
Кадр жұмыстары бөлімі

Бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Введите код: