Жаңадан қабылданған қызметкерлердің қызметтік жолы оқудан басталады.

Жаңадан қабылданған қызметкерлердің қызметтік жолы оқудан басталады.

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Кәсіби дайындық мектебінде жаңадан қабылданған 13 қызметкер оқудан өтуде.
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы подполковник С. Сыздық жаңадан қабылданған қызметкерлерге Азаматтық қорғаныс саласы бойынша сабақ өткізді.
Сабақ барысында С. Сыздық тыңдаушыларға дозиметрлік бақылау аспаптары жайлы, жеке құрамның жеке қорғаныс құралдары туралы кеңінен түсіндірді. Жаңадан қабылданған қызметкерлер химиялық, радиациялық барлау туралы және химиялық зақымдау аймағына барлау жүргізу туралы білді. Химиялық зақымдау аймағында құтқару және эвакуациялық шараларын жүргізуге, медициналық көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінді.
Бұған қоса азаматтық қорғаныс бөлімінің қызметкерлері жаңадан қабылданушыларға Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің музейін аралатып көрсетті. Музейде әр жылдарда қолданған газ қағарлардың бірнеше түрлерін көріп, тамашалады. Экскурсия жасаушыларды төтенше жағдайлар кезінде жаңа туылған нәрестелерді эвакуациялауға арналған КЗД-4 балалардың қорғаныс камерасы қызықтырды.
Музей қонақтары содан кейін қызмет өткеру кезінде қаза болған қызметкерлердің жеке заттарымен танысты.
Жас қызметкерлер қызықты дәрістер мен экскурсиядан кейін осы қызметті атқаруға одан әрі қызығушылықтары арта түскенін білдірді.

Қызылорда облысының ТЖД
Азаматтық қорғаныс бөлімінің
аға офицері аға лейтенант
А. Мейрамбеков

Жаңадан қабылданған қызметкерлердің қызметтік жолы оқудан басталады.
Жаңадан қабылданған қызметкерлердің қызметтік жолы оқудан басталады.
Жаңадан қабылданған қызметкерлердің қызметтік жолы оқудан басталады.
Жаңадан қабылданған қызметкерлердің қызметтік жолы оқудан басталады.
Жаңадан қабылданған қызметкерлердің қызметтік жолы оқудан басталады.
Жаңадан қабылданған қызметкерлердің қызметтік жолы оқудан басталады.
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Текст комментария:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Код: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз
Введите код: