Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2018 жылғы сәуір айындағы жедел қызметтік жұмысының аналитикалық мәліметтері (4 ай бойынша)

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (оқиғаларды есепке алғанда).
2018 жылдың басынан бері Қызылорда облысының аумағында 162 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиғалар тіркелді, 2017 жылмен салыстырғанда 10,5 % азайды (2017ж.–181). Зардап шеккен адамдардың саны 50 % көбейді (2017ж.-16, 2018ж.-24 адам). Қаза болғандардың саны 33,3 % азайды (2017ж.-6, 2018ж.-4 адам). Материалдық шығын 16,2 млн.теңге құрады (2017ж.-33,5), 2 есе азайды.
Оның ішінде 17 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді, 2017 жылмен салыстырғанда 21,4 % көбейді (2017ж.–14). Зардап шеккен адамдардың саны 2,5 есе көбейді (2017ж.-8, 2018 ж.- 20 адам). Қаза болғандардың саны 33,3 % азайды (2017ж.-6, 2018ж.-4 адам).
Техногендік сипаттағы оқиғалардың саны – 156 (2017ж.-167), 6,6 % азайды, 18 адам (2017ж.-5) зардап шекті, 3,6 есе көбейді, 3 адам қаза болды (2017ж. -3), бірқалыпты.
3-05-2018, 08:40

Төтенше жағдайларды жою бөлімі бойынша 2018 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстардың есебі

2018 жылдың I тоқсанында Қызылорда облысының авариялық-құтқару қызметтері («Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі», «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы», «Трассалық медициналық құтқару бекеті») осы уақытқа дейін 380 рет (2017-338) шығып, соның ішінен 27 рет (2017-23) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Жұмылдырылған жеке құрам саны 135 (2017-115) адам, 27 техника (2017-23) тартылды. Авариялық құтқару жұмыстары барысында 74 адамды, (2017-159) оның ішінде, 45 баланы (2017-23) құтқарды, 29 адамға (оның ішінде бала – 0) (2017-37, оның ішінде 0 бала) медициналық көмек көрсетілді. Төтенше жағдай аймақтарынан 212 адам (2017-115) көшірілді, қардан және авариялардан 5 автокөлік (2017-9) шығарылды; әр түрлі жағдайлардан 2 мәйіт (2017-3) шығарылды.
6-04-2018, 12:55

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2018 жылғы бірінші тоқсанында атқарылған қызметтік жұмыс қорытындысы туралы

Департаменттің жұмысын жоспарлау аумақтың төтенше жағдайларға ұшырағыштығы мен өткен кезеңдегі жедел жағдайға жасалған талдау негізінде жүзеге асырылады.
2018 жылғы бірінші тоқсанда ҚР ІІМ-нің 21 іс-шара көзделген 2 Алқа шешімі және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі мен Министрдің орынбасарларының төрағалығымен өткен 43 тапсырма берілген жедел кеңестің 7 шешімі Департаментте бақылауға алынды. ІІМ Алқасы мен жедел кеңес шешімдерінде Департаментке берілген тапсырмалар уақытылы орындалып, орындалуы бойынша ақпараттар Комитеттің жетекшілік ететін бөлімшелеріне уақытылы жолданды.
3-04-2018, 16:34

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2018 жылғы наурыз айындағы жедел қызметтік жұмысының аналитикалық мәліметтері (3 ай бойынша)

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (оқиғаларды есепке алғанда).
2018 жылдың басынан бері Қызылорда облысының аумағында 96 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиғалар тіркелді, 2017 жылмен салыстырғанда 11,1 % азайды (2017ж.–96). Зардап шеккен адамдардың саны 64,3 % көбейді (2017ж.-14, 2018ж.- 23 адам). Қаза болғандардың саны 25 % азайды (2017ж.-4, 2018ж.-3 адам). Материалдық шығын 2,1 млн.теңге құрады (2017ж.-21,3), 10 есе азайды.
3-04-2018, 16:32

Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің 2018 жылғы 3 айда атқарған жұмыстың аналитикалық анықтамасы

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің жұмысы төтенше жағдайлардың қаупін азайтуға, адам өмірі мен денсаулығын сақтау мен Министрліктің Алқа қаулыларын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі басшылығының жанында өткен жедел кеңестердің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің тапсырмаларын орындауға бағытталды.
«Қазақстан Республикасы аумағы қауіпсіздігінің үлгі паспортын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 577 бұйрығына сәйкес Қызылорда облысы мен қала, аудандар аумағының қауіпсіздік паспорттарына жаңа үлгі бойынша 2018 жылғы 15 қаңтарға өзгерістер мен түзетулер енгізіліп, 2018 жылғы 19 ақпанда ҚР ІІМ ТЖК жолданды.
Қызылорда облысының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіп-қатер каталогына өзгерістер енгізіліп, 2018 жылдың 16 қаңтарында Департамент бастығымен бекітілді.
2017 жылғы 28 желтоқсанда Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның 2018 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі тарапынан әзірленген жоспарға сәйкес 2017-2018 жылғы су тасқынының алдын алу бағытында ТЖД қызметкерлері су басу қаупі бар елді мекендердегі 193 018 тұрғынға су тасқынының алдын алу бағытында үнпарақтар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
2018 жылдың 15 ақпанында Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департамент қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қызылорда облысы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» мекемесінде бұқаралық ақпарат қызметі өкілдерінің қатысуымен брифинг «Облыстағы Сырдария өзені жағдайы» және «Мұздағы қауіпсіздік» тақырыптарында брифинг ұйымдастырылды.
2017-2018 жылғы су тасқынының алдын алу бағытында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы – 21 бейнесюжет көрсетілді, баспасөз беттеріне – 31 мақала, әлеуметтік желілерде - 12 мақала жарияланды, қоғамдық орындарда, автобекеттер, сауда үйлерінің дауыс көтергіштер (громкоговоритель) арқылы – 1274 рет сөз сөйленді.
Қызылорда облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарының күту залындағы телеэкран арқылы, қала және аудан орталық алаңдарында, автобекеттерде, ірі суда және қоғамдық орындарда орналасқан «LED» экран арқылы «Мұздағы қауіпсіздік», «Су тасқыны кезіндегі іс-әрекеттер» тақырыптарында арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.
5-01-2018, 14:55

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2017 жылғы қыркүйек айындағы жедел қызметтік жұмысының аналитикалық мәліметтері (9 ай бойынша)

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (оқиғаларды есепке алғанда).
2017 жылғы тоғыз айда Қызылорда облысының аумағында 574 табиғи және техногендік сипаттағы оқиға тіркелді, 2016 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 13 % көбейген (2016ж.–508). Зардап шеккен адамдардың саны 19,3 % азайды (2017 ж.-188, 2016 ж.- 233 адам). Қаза болған адамдардың саны 41,5 % азайды (2017 ж.-31, 2016 ж.-53 адам). Материалдық шығын 34,3 (2016 ж.-24,5) млн.теңге құрады, 35,1 % көбейді.
3-10-2017, 23:22

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2017 жылғы тамыз айындағы жедел қызметтік жұмысының аналитикалық мәліметтері (8 ай бойынша)

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (оқиғаларды есепке алғанда).
2017 жылғы сегіз айда Қызылорда облысының аумағында 497 табиғи және техногендік сипаттағы оқиға тіркелді, 2016 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 9 % көбейген (2016ж.–456). Зардап шеккен адамдардың саны 29,9 % азайды (2017 ж.-150, 2016 ж.- 214 адам). Қаза болған адамдардың саны 42,3 % азайды (2017 ж.-30, 2016 ж.-52 адам). Материалдық шығын 33,9 (2016 ж.-18,0) млн.теңге құрады, 88,8 % көбейді.
7-09-2017, 10:44

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2017 жылғы шілде айындағы жедел қызметтік жұмысының аналитикалық мәліметтері (7 ай бойынша)

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (оқиғаларды есепке алғанда).
2017 жылғы жеті айда Қызылорда облысының аумағында 420 табиғи және техногендік сипаттағы оқиға тіркелді, 2016 жылмен салыстырғанда 13,5 % көбейген (2016ж.–370). Зардап шеккен адамдардың саны 41,2 % азайды (2017 ж.-104, 2016 ж.- 177 адам). Қаза болған адамдардың саны 39 % азайды (2017 ж.-25, 2016 ж.-41 адам). Материалдық шығын 33,9 (2016 ж.-13,7) млн.теңге құрады, 2,5 есе көбейді.
4-08-2017, 17:34

Ішкі істер органдарындағы тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай күйі туралы

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, оның ішінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюды, облыс аумағында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, төтенше жағдай аймағында халыққа жедел медициналық және психологиялық көмек көрсетуді жүзеге асырады. Ішкі істер министрлігі мен Комитет басшылығының тапсырмаларын орындау және оның орындалуын бақылау күшейтілген. Министрлік пен Комитеттің бұйрықтары, Алқа және жедел кеңес шешімдері жеке құрамға уақытылы таныстырылады.
15-07-2017, 12:42

Азаматтық қорғаныс бөлімінің 2017 жылғы мамыр айындағы атқарылған оқу-жаттығулар жұмыстарына талдау (5 ай бойынша)

2017 жылдың 5 айында Қызылорда облысы аумағында 729 оқу-жаттығу өткізілді, 2016 жылмен салыстырғанда 3 % көбейді (2016 ж.-707).
27-06-2017, 12:33