Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі

Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі
Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі
Өрт-тілсіз жау. Ол айтып келмейді. Кешіксең-кешірмейді. Сәл тосылсаң әп-сәтте-ақ айналасын жалмап тынады.
Сондықтан ондай жаумен күресу үшін төрт қаруың түгел, сақадай-сай болуы қажет. Ал бүгінгі таңда автокөліктерде өрт қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздік ережелері сақталмай отыр.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншікті, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі. Көбінесе тілсіз жаудың шығуы, автокөліктің электрсымдарының шағылысуынан пайда болады. Өзге сынақ бойынша көлік ішінде шылым шегу соңғы орын иеленбейді.
10-05-2018, 13:19

Өртке қарсы қызметтің 100 жылдығы

Биыл өртке қарсы қызметтің құрылғанына тура бір ғасыр. Күні-түні бір сәт те тыным таппастан қауіпті саланы меңгерген мамандық иелері өрттен қорғау күнін ерекше атап өтті. Сала ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, бірқатар қызметкерлер марапат төрінен көрінді.

3-05-2018, 18:20

СЫНДАРЛЫ СӘТТЕГІ ҰЙЫМШЫЛДЫҚ НӘТИЖЕСІ

Сырдария өзенінде биыл 26 ақпаннан 1 сәуірге дейін сең жүрді. Сындарлы сәтті аймағымыз аса көп шығынсыз өткізді. Көктемгі су тасқыны кезеңінің қорытындысына арналған мәжілісте облыс әкімі Қырымбек Көшербаев осылай мәлімдеді.
Мәжіліс басталмас бұрын қауіпті сейілтуде қажетті техника мен адам күшін жұмылдыру арқылы халық алдындағы міндетін абыроймен атқарған азаматтарды аймақ басшысы алғыс хаттарымен марапаттады. Одан кейін жауапты сала басшылары Сыр өңірінің өткен көктем мен қыстан қалай шыққаны, алдағы маусымға әзірлік жөнінде баяндап берді.
Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғабит Жаңабаев мәлімдегендей, былтыр қараша-желтоқсан айларында өзен арнасындағы мұз қату процесі солтүстік аудандардан басталып, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағына дейін жалғасты. Қызылорда қаласы мен аудандарда қажетті материалдық-техникалық қор жасақталып, азаматтық қорғау қызмет түрлері күшейтілген режимде жұмыс істеді.

СЫНДАРЛЫ СӘТТЕГІ ҰЙЫМШЫЛДЫҚ НӘТИЖЕСІ
СЫНДАРЛЫ СӘТТЕГІ ҰЙЫМШЫЛДЫҚ НӘТИЖЕСІ
СЫНДАРЛЫ СӘТТЕГІ ҰЙЫМШЫЛДЫҚ НӘТИЖЕСІ
26-04-2018, 20:23

ҰШҚЫШТЫ ЖҰМЫС ӨЗІ ІЗДЕЙДІ

Нұргелді РЫСҚҰЛБЕК: ЕС-145 тікұшағының ұшқышы:

ҰШҚЫШТЫ ЖҰМЫС ӨЗІ ІЗДЕЙДІ
Біздің анықтама:
Нұргелді Әбдіұлы – 1995 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам ауылында дүниеге келген. Ұшқыштардың дені зеңгір көкке самғауды бала кезден армандайды. Бүгінгі кейіпкеріміз де талай рет көкке телміріп, ой құшағына енген.
– Ұшқыш болуды армандамаған бала кемде-кем болар. Бiрақ арманына қол жеткiзгендер аз. Сiздi алға жетелеген қандай күш?
– Бала күнімде достарыммен аспанға көз тастап, ержеткен соң ұшқыш боламыз деп жиі армандайтынбыз. Одан бөлек, іргелес көршіміз ұшқыш болатын. Басынан өткерген түрлі оқиғаларын баяндап, тіпті қызықтырып қоятын. Сол уақыттан бастап ұшқыш болсам деген арманның жетегінде жүрдім. Мектепті бітірген соң Алматы қаласындағы Азаматтық авиация академиясына оқуға түстім. Бірінші курста авиация саласын теория жүзінде меңгердік. Екінші курстан тікұшаққа мініп, тәжірибе жинақтадық. Оқуды бітірген соң ұшақты бірден басқару мүмкін емес. Ол үшін ізденіс пен тәжірибе керек. Авиация саласында қызмет етуді армандап, кейін қатал тәртіпке шыдай алмай, оқудан шығып кеткен курстастарымыз да болды. Мұндай жағдайға тап болмас үшін, ең бастысы, еңбек пен техникалық бейімділік керек. Мысалы, кейбіреулер қанша тырысса да, көлік айдаудың шебері атана алмайды. Ұшқыш үшін денсаулық та маңызды. Өйткені күн сайын ұшудан денсаулығың жақсармайды. Қанша мықты денсаулық болса да, уақыт өте сыр беруі мүмкін.

ҰШҚЫШТЫ ЖҰМЫС ӨЗІ ІЗДЕЙДІ
ҰШҚЫШТЫ ЖҰМЫС ӨЗІ ІЗДЕЙДІ
ҰШҚЫШТЫ ЖҰМЫС ӨЗІ ІЗДЕЙДІ
24-04-2018, 17:33

КЕМЕРОВО ОҚИҒАСЫ БӘРІНЕ САБАҚ БОЛУЫ ТИІС

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Ресейдің Кемерово қаласында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты мәжіліс өтті. Онда аймақ басшысы тиісті сала және басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді.
– Өздеріңізге белгілі, ағымдағы жылдың 25 наурызында Ресейдің Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» ойын-сауық орталығында орын алған өрт салдарынан 64 адам қаза болды. Қаза тапқандардың ішінде бүтіндей бір сыныптың оқушылары тіркеліп отыр. Олар өрт орын алған кезде кинотеатр залында қалып қойған. Мамандардың айтуы бойынша, қаза болғандар санының осынша көп болуына авариялық шығу жолдарының жабық болуы, өрт шыққан кезде автоматты өрт сөндіру жүйесінің жұмыс жасамағандығы, өрт шыққандығы жөнінде келушілер құлақтандырылмағандығы және адамдарды көшіру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмегендігі себеп болған. Сонымен бірге, өрттің тез таралуы орталықтың тез жанғыш арзан құрылыс материалдарымен жабдықталуына тікелей байланысты екендігін атап өткен жөн. Осыншама адамның өмірін алып кетіп отырған бұл жағдай бәрімізге де сабақ болуы керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету сіздердің жауапкершіліктеріңізге байланысты, – деді облыс әкімі.
Жиында облыс аумағындағы көпшілік жиналатын орындардағы өрт қауіпсіздігі жағдайларын облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Төлешов баяндады.

КЕМЕРОВО  ОҚИҒАСЫ  БӘРІНЕ  САБАҚ  БОЛУЫ  ТИІС
3-04-2018, 15:22

«Жаңа күн» бағдарламасында тікелей эфирде құтқарушы Алғыс айту күні туралы

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны Тимур Еркебаев «Qyzylorda» телеарнасының «Жаңа күн» бағдарламасында тікелей эфирде сұхбат берді. Сұхбат кезінде ол құтқарушының күнделікті жұмысы туралы және азаматтық қорғаныстың құрылу тарихы жөнінде айтты. 1 наурыз – Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күнін атап өтуге орай Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жыл сайын құтқарушылардың құтқару барысын көрсететін «Ашық есік күндерін» өткізуді дәстүрге айналдырып келеді. Өз сөзінде ол өзінің таңдаған мамандығының алғыс арқалаған мамандық екендігін және халықты құтқаруға арналғандығын атап өтті. Сонымен бірге Қазақстанда 2016 жылдан бері жаңа мереке – Алғыс күні аталып өтіліп келеді. Бұл күн Елбасының 2016 жылғы 14 қаңтардағы №173 Жарлығымен бекітілген болатын. Осы құжат арқылы оны ресми атап өту күні 1 наурызға бекітілген. «Бұл күн мейірімділіктің, достықтың және қазақстандықтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігінің жарқын мерекесі болатыны даусыз. Ондағы мақсат – өскелең ұрпақтың бойына сабырлылықты, достықты және бір-біріне деген сыйластықты дарыту, сондай-ақ Қазақстандағы этнос аралық келісімге қол жеткізу»,- деп нақтылады ол.

«Жаңа күн» бағдарламасында тікелей эфирде құтқарушы Алғыс айту күні туралы
3-04-2018, 15:12

«Жаңа күн» бағдарламасында тікелей эфирде

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Саид Молдақараев «Qyzylorda» телеарнасының «Жаңа күн» бағдарламасында тікелей эфирде сұхбат берді. Сұхбат кезінде, су тасқыны бойынша бірқатар сұрақтарға жауап берді, қыс мезгілінде қандай да бір төтенше жағдайлардың алдын алу мен зардабын жоюға қатысатын күштер мен құралдардың әзірлігін және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы айтты. Облыста қыс, көктем мезгілдерінде болатын төтенше жағдайдың бірі – су тасқыны. Сонымен бірге халық арасында үгіт-насихат және түсіндірме жұмыстарының жүргізіліп жатқандығы жөнінде айтты.

«Жаңа күн» бағдарламасында тікелей эфирде
«Жаңа күн» бағдарламасында тікелей эфирде
«Жаңа күн» бағдарламасында тікелей эфирде
16-11-2017, 00:15

№2 өрт сөндіру бөліміндегі журналисттің бір күні

Ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін.

№2 өрт сөндіру бөліміндегі журналисттің бір күні
№2 өрт сөндіру бөліміндегі журналисттің бір күні
№2 өрт сөндіру бөліміндегі журналисттің бір күні
№2 өрт сөндіру бөліміндегі журналисттің бір күні
№2 өрт сөндіру бөліміндегі журналисттің бір күні
№2 өрт сөндіру бөліміндегі журналисттің бір күні
№2 өрт сөндіру бөліміндегі журналисттің бір күні
№2 өрт сөндіру бөліміндегі журналисттің бір күні
№2 өрт сөндіру бөліміндегі журналисттің бір күні
№2 өрт сөндіру бөліміндегі журналисттің бір күні
№2 өрт сөндіру бөліміндегі журналисттің бір күні
№2 өрт сөндіру бөліміндегі журналисттің бір күні
№2 өрт сөндіру бөліміндегі журналисттің бір күні
№2 өрт сөндіру бөліміндегі журналисттің бір күні
16-11-2017, 00:05

АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Кәсіби-дайындық мектебінің оқу-әдістемелік кабинетінде жас ұрпақтардың ардагерлерімен кездесуі өтті.
23-10-2017, 12:05