Рухани жаңғыру музейден басталады

Рухани жаңғыру музейден басталады

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы Шиелі ауданындағы музейлеріндегі жәдігерлерді тамашалады.
Қазіргі жаһандану заманында әрбір ұлттың өзінің ұлттық рухани болмысын іздеуі – заңдылық. Ұлттық сана сілкінісін тудырар Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы – келешекке айқын бағыт сілтейтін құнды құжат.
Осы ретте алдымен Департамент қызметкерлері «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы аясында жалпыұлттық маңызға ие - Оқшы Ата кесенесінде жүргізілген жаңғырту жұмыстарымен танысты. Оқшы Ата кесенесі – көне заманнан бері келе жатқан тарихи құндылықтардың бірі. Архитектурасы ІX-X ғасырдан бас¬талады. Рухани жаңғыру музейден басталады
26-09-2018, 12:01

Азаматты ажалдан арашалаған

Азаматты ажалдан арашалаған
Азаматты ажалдан арашалаған
Су қоймалары, көлдер мен өзендер жағалауларында мыңдаған адамдар өздерінің бос уақытын өткізеді. Шыжыған ыстықта қалай ғана суға шомылмасқа, сергімеске? Қызығушылық салдарынан кейбір адамдар жүзе алмаса да, су айдынын дұрыс білмесе де, қандай қауіп-қатерлер күтіп тұрғанын ойламастан суға лап қояды. Мәліметке сүйенсек, су айдындарындағы қайғылы жағдайлардың басым көпшілігі жаз кезеңінде болады. Мына оқиғаның соңы да қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін еді, егер де төмендегі азаматтардың құтқару жұмысына жан аямай атсалысуы болмаса...
... Алғашқыда Қуанышты судан алып шығуға бар күшін салып, халықты көмекке шақырған достары - Шыңғыс Сейдахметов пен Айбол Романқұлов болатын. Бірге «Бәйгеқұм» демалыс орнындағы «Қанқожа» көлінде демалу кезінде досының суға батып бара жатуы олардың жанын шүберекке түйді. Бар күш-жігерімен тырмысқанмен, еш нәтиже болмады, қайта оларды да қоса тартып бара жатты. Олар да досын судан алып шығуға барын салып, алысқанын қоймады, жұртшылықты көмекке шақырып, қол бұлғап, айқайға басты...
«5 тамыз күні отбасымызбен демалу үшін Бәйгеқұмдағы демалыс орнына бардық. Келгенімізге 10-15 минут уақыт болған кезде 5 метрдей тұста бір жігіт көмекке шақырып, жан екпінімен айқайлап тұр екен. Бір мезетте оның қолынан біреудің қолы сырғып, суға түсіп кеткенін көрдім. Жанымда жұбайымның немере інісі тұр еді, оған «ана жақта адам суға кетті»,-деп айқайладым. Ол бірден суға сүңгіп, үрлемелі баллонды ұстаған күйі суға батып бара жатқан жігітті сыртқа шығаруға тырысты. Артынша жұбайым тағы бір немере інісімен бірге үшеулеп, судан жігітті сыртқа шығарды. Жігіттің тері жамылғылары көкшіл түсті, тыныс алуы жоқ болатын. Жүрек соғысы болған жоқ. Ауыз қуысы мен мұрнын, яғни тыныс алу жолдарын су, қан, сілекей, қоқырсықтан тазарттық та, біз жұбайым – Нұрбол екеуіміз шұғыл реанимациялық шараларды бастадық, жасанды өкпе-жүрек реанимациясын жасадық. Сөйтіп, өкпемен тыныс алуы, жүрек соғуы қалпына келді. Сонымен бірге осы кезеңде жедел жәрдемге хабар бердік. Алайда, жақын маңда жедел-жәрдем болмағандықтан, алыстағы жедел-жәрдем қызметі жедел жете алмайтын болғандықтан, бұл кезде санаулы секундтардың өзі аса қымбат болатын, Шиелі күре-жолдық медициналық құтқару бекетіне жеткізу қажет деп шештік. Өз көлігімізбен жақын маңдағы Шиелі күре-жолдық медициналық құтқару бекетіне жеткіздік. Күре жол медициналық пунктіне жетісімен сорғыш арқылы ауыз қуысы мен мұрнындағы, яғни тыныс алу жолдарындағы су, қан, сілекей, қоқырсықтан тағы да тазарттық. Одан соң реанимобильмен Шиелі ауданындағы ауруханаға жеткізуге барымызды салдық. Реанимобильде кислород пен пульсоксиметрді қосып, аудандық ауруханаға жеткенше науқастың жағдайын бақылап бардық. Жол бойы тыныс алу жолдарын тазарттық. Алдын ала Шиелі аудандық ауруханасының реанимация бөлімін біздің ауыр науқасты алып бара жатқанымыз туралы хабардар еттік. Реанимацияда жігіт дем алуын жақсарту үшін тыныс алу аппаратына қосылды. Бірнеше күн Қуаныштың жағдайын сұрап хабарласып тұрдық. Аудандық аурухананың реанимациясының дәрігерлері жағдайдың қалыпқа түспей тұрғандығын, ауыр жағдайда екендігін айтты. Алладан қазақтың жас жігіті өзіне келсе екен деп тілек тіледік, «Оны аппараттан ажыратты, өзі тыныс ала алатын болды»,- деген хабарды естігенде зор қуанышта болдық!»,- деді ағынан жарылып, сол кездегі оқиғаны есіне алған Айжан Базарбаева.
Сонымен бірге, Шиелі күре-жолдық медициналық құтқару бекетінің аға фельдшері Асхабов Шынтастың айтуынша: ««Бәйгеқұм» демалыс орнындағы «Қанқожа» көлінде демалу кезінде суға батып кеткен 1996 жылы туылған Бүркітбай Қуанышты жолдастары және Облыстық медициналық аурухана дәрігерлерімен бірге бекетке алып келген кезде, науқас Бүркітбай Қуаныш ес түссіз, қиын тыныс алып жатқан болатын. Күре жолдық медициналық құтқару бекетінің шұғыл әрекет ету бригадасы қызметкерлері науқастың жоғары тыныс алу жолдарын (электроотсоспен) тазалап отырып, науқасқа ылғалданған оттегі (монитор пациента) қосып, дәрі-дәрмектер енгізіп, жағдайын бақылап отырып, Реанимобиль автокөлігімен Шиелі аудандық ауруханасының реанимация бөлімшесіне дер кезінде жеткіздік.»
17-09-2018, 11:51

Күре жолдағы құтқарушылар

Даңғыл жолда адамның көркін қыздырған көліктердің газ педалін түбіне дейін басамын деп, шыңыраудың түбіне кеткендері қаншама?! Апаттан аяғы аспаннан келіп, басын ұстап, санын соққандарды да санауға саусақ жетпейді. Біз бірін көрерміз, екіншісін байқамаймыз, ал күре жолдық медициналық құтқару бекеті талай оқиғаның бас-қасында болды. Науқастарға қол ұшын беріп, ажалға араша тұрды. Жол үстінде орын алған әрбір оқиға олардың көз алдында. Еңбегі ерен жандардың бір сәттік жұмысымен таныстық.
22-08-2018, 16:45

Сақшы. Суқоймаларындағысақтықшаралары

Қазақстандыққұтқарушылар мен полиция қызметкерлері барлық су қоймаларда, нақтырақ айтқанда, шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде мәжбүрлі түрде профилактикалық рейд жүргізуді қолға алды. Елімізде жыл басынан бері шамамен 200-ге тарта адам суға кеткен, олардың 70-і балалар. Адамдардың суға кетуіне рұқсат етілмеген жерлерде шомылу, ішімдік ішу және суда қауіпсіздік ережелерін сақтамау жағдайлары себеп болып отыр. Суға батқандардың басым көпшілігі – Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Атырау облыстарының тұрғындары. Күннің күрт ысуына байланысты Астанада да қайғылы жағдайлардың саны артқан.
Сақшы. Суқоймаларындағысақтықшаралары
27-07-2018, 00:06

«Отпен ойнама, балақай!» мультфильмі жарыққа шықты

Төтенше жағдайдың алдын алуда балалар арасында үгіт-насихат жұмысының маңызы зор. Оның ішінде көрнекі ақпараттар мен бейнероликтер көрсетудің пайдасы бар. Ал, кішкентай балаларға түрлі-түсті мультфильмдер қызықты болатын белгілі.
Әлемдік киноиндустрияда мультфильмдердің алатын орны ерекше және осы мақсатта сапалы дүниелер жасауға жүздеген миллион доллар жұмсайды. Демек, мультфильмдер – балаларды қызықтырып уақытын өткізетін, танымдық тұрғыда жетілдіретін тәрбиелік көрнекі құрал. Мультфильм арқылы да қауіпсіздік қағидасын балаларға танытуға болады.

«Отпен ойнама, балақай!» мультфильмі жарыққа шықты
3-07-2018, 17:19

Табиғи өрт

Табиғи өрт
22-06-2018, 10:08

Дала өрті

Дала өрті
22-06-2018, 10:01